Тұрар Рысқұловтың 130 жылдық мерейтойы қасиетті Әулиеата жерінде жалғасты

Мерейтойға жиналған қауым Т.Рысқұлов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Сонымен қатар бүгін Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде аса көрнекті қоғам, мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың 130 жылдық мерейтойына орай “Ұлық тұлға” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Алқалы жиынға Жамбыл облысының әкімі, Президент әкімшілігінің өкілі, Қырғызстан мен Моңғолиядан арнайы шақырылған қонақтар, тұрартанушы-ғалымдар қатысты. Ғылыми конференцияны ҚР Мемлекеттік Архивінің директоры Сәбит Шілдебай жүргізді.

Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметіне қатысты бізге беймәлім, тың деректерді ұсынған баяндамашыларға жиылған қауым қызу қол соқты.

Конференция соңында ұйымдастыру комитеті арнайы дайындаған ұсыныстарын (жазбаша түрде) еліміздің жоғары билігіне ұсынды.

Артқа:
Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл: Таразда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Келесі:
Тұрар және Алаш