Тауыриһат төсенген – Тараз
Сапар-эссе



Бағзыдағы дәурени VІІ ғасырда ерекше гүлденген кент. Тараз десе VІІІ ғасыр елестейді. Б.э.д.І ғасырда Қаңлы, Түркеш, Қарлыққа пана болған ұйық. Соғдылар соққан кенттер орыны қалған Ұлы Жібек жолы бойындағы күрелі қара құйқалы саға. Баяғы шаншылдған таяқ тал болып көктейтін Талас өзенінің көбесі. Талас өзені Қазақ жеріндегі ірі өзендердің бірі әрі ұзындағы 453 шақырымдыққа шейін ағатын сағалы кіші дария. ХІІІ ғасырда Шыңғыс қағанның баласы Шағатайға қаратылған өңір. ХVІ ғ. Қазақ хандығының қақпасы мен төрі болған киелі мекен. Ежелгі қоқандықтарға бір өтпелі тұстарда ХІХ ғасыр ширегінде егеленгені бар. Құдай қаққанда 1856 жылдан Әлие-Ата. КСРО құрамында 1937 жылы шамасы бірер жылға жуық мезеттерде қызыл Мирзоян қаласы болған. Соңынан 1937-1997 жылға шейін жыр алыбы Жамбыл атаның атымен аталған іргелі елдің оңтүстігі. Өнер өркениеті өрістеген бай кенттің түптамыры таптауыр қақтамалы ақкүмістен жасалған жамбымен өзектес. Тегіннен теңге сөлкебай өндірген адамзаттық өркениеттің өрен-құба жұрты.

Беу, жайраң да жайсаң жазиралы Таразды жырға, мәңгілік елдік ілімге бөлеген ірі әулиелер де бар: Әбу-л-Хасан Рудаки, Әбілқасым Фирдоуси, Нәсір Қосырау, парсы шайыры Қәтран Табризи, Жүсіп Баласағұн, Мұхаммед Хайдар Дулати, Махмұт Қашқарилардың ой кешкен кенті керемет керім де тәкаппар Тараз. Тараздың торғын топырағындағы тоқсан түрлі формулалар әліпбилері осынау ғаламат данышпандарына жұққан болса ше!?
КӨНЕНІҢ КӨЗІНДЕЙ….
Тараздың іргесін басып анадайдан айпарадай көрініп тұрған айшықты Айша бибі күмбезі. Мазарының әр кірпішінің өз «үні» бар. Махаббатың мазары. Айшаның ажарын құрдымға кетірген ажалдың күмбезі. Сол қайғыны көтере алмаған бей ғашық Қараханға да ХІ ғасырдан сом кесене тігілген. Сонымен қатар Қарахан ғаскерлерінің ұланбасы «Тектұрмас»-қа арналған ескерткіші де тұр. Тараздың топырағын түртіп қалсаң түрлі тауыриһаттар сөйлей жөнеледі. Түйенің шомындағы иман кигізге жұққан хаһ тағылымдарға ендігі жаңа қазақтардың келесі кезектегі жас өрендері еге!
ТАРАЗДАҒЫ ТАС МОНША.
ХІХ ғасырда бір ауқаттының бұқара месекерлеріне салғызған ең кәрі сәулетті сәнді монша. Табаннан қыздыратын тамаша дәстүрлі пошымды паң Шығыстың тұма құрылғысы. Өркениеттің өзі көшпенді іргелі елге ұсынған шымшымды шылапшынды шомылғысы. Көнедегі қазақтар еуропалықтар маймыл күйінде хайуан жүргенде кәусарлы моншаға жуынып, кәдімгі алтын, күмістен моншақ таққаны осы ара…
ТАЛАС БОЙЫ ТАЗА ШӘРБӘТ
Мойынқұм мен Бетпақтың сайын даласы Орталық Азияда да сирек өсетін 3000 шамалы түрлі өсімдіктері бар өрісі бай шөтесінді аймақ. Айдын шалқар көл сулары балыққа толы. Ғаламға қарай экспортқа шығаруға болатын балықтардың ондаған түрлері болашақта қазаққа қазына, ұлтқа бренд болуға жарамды. Сұраныс та жоқ емес. Экономика мен табыс көзінің түйіні былай да былай жетеді дейік! Алтын балықтың басы бізде: үйірмен – үш тоғыз!
ДАЛАНЫҢ ДАҢҒАЙЫР КӨМБЕЛЕРІ
Ту даланы тұтастай саялы өскін көмкерген. Тұт ағашы қаптаған тұлай дөңестер, боталаңда борғын ну – бозқарған, үймелі бітік үйеңкі, ашыққанға нәр берген алма мен алша ағашы, шөлдегенге сөл берген жүзім бұтарлы қаумалды бұла саумалды жеміс-жидекті мүйістер. Өрісті адыры бозкөде мен бозселеу, бедерлі белі бетеге, бидайықты тарылаулы шөп десе дегендей: – Таластың қойыны талды ну. Алатау маңы сансыз аң, Андасайдың адыры мыңғырған арқарлы, құлжалы, ұлан байтақ құба далада құландар, иректі иен түземде жирендер, есіл құмдақта еліктер ойнаған сайын сахара. Беу, шіркін Таластың тарғыл көбесі көп түрлі бедерімен жұмақи жұмбақ!
ТАРАЗДЫҢ ТАРЛАНДАРЫ
Саңырақ батыр Тоқтыбайұлы (1691-1740), Өтеген батыр Өтеғұлұлы (1699-1773), Көшек батыр Қарасайұлы (1620-1652), Қойгелді Сартұлы (1702-1795), Қосы батыр Сәмембетұлы (1690-1780), Мәмбет Күнбасұлы (1711-1808), Сыпатай Әлібекұлы (1781-1867) қатарлы елі мен жері үшін күрескен, аз халқы үшін арысқа түскен Аңырақайдың адуынды, аңыз өрендері өте көп. Тараздың топырағына көмілген бастар мен төгілген қанның жұғымы далаға босқа кеткен жоқ: бақуаты бар болашаққа жұғысты болғай! Ұлттың басына күн туғанда атқа мінген арыстардың бір шоғыры бүгінгі болашаққа ашық сабақ.
КӨРШІЛЕРГЕ ҚАРАП…
Қаратауды көргенде қайран қазақтың көз жасына жүзген көш жолы жосиды көңілде. Ол заман кешегі тарихымыз. Бүгініміз түгенделе бастаған еркін заман. Бірқанша сан цифрлар жазуға болар еді. Ол қазір қажет те емес. Оңтүстік Азия мен Оңтүстік Шығыс Азияның бірнеше «жолбарыс» елдері Корея, Сингапур, Гонконг, Тайуанға қарап қайран қаламыз!? Тігерге тұяғы, жағарға отыны жоқ сол елдер бүгін шырқау биікте. Шіріп кетуге шақ қалған елдер айналасы 20-30 жылда қайта жаңғырды!?
Кореяның бауыры шапқан жолбарыстай жазылды да ЖІӨ мөшері жан басына шаққанда 38 мың доллардан асып түсті!? Англияның отары Сянган (Гонконг) да, Тайуан да шамамен сол шамада!? Олар бүгін осы Қазақ елінің оңтүстіктік өңірін төңіректеп жүрген секілді… Сауда, қарым-қатынасқа ыңғайлы болғасын. Тараздың таза суы оларға шым дәру… Кәрістер той жасамайды «Hyndai» жасайды. Таразда кәрістер де көп!? Азиядағы «сүйкімді Синга» жылына бірдеңе санды қисапсыз млн тонна мұнай өңдейді… Мұнайы ересен көп Қазақ елі неге төмендеу!?
Тайуан шын мәнінде ҚХР-на қарасты емес, тұтас тәуелсіз мемлекет.Тек өз басында 5-6 АЭС-і бар. Ал, Қазақта уран көп!
Бұл «жолбарыс» елдердің ұлт көсемдері эконмикасына дамудың жолын ашып, «ескерткішін» орната алды. Синганың Ли Куан Ю (1923-2015), Кореяның Пак Чон Хи-і (1917-1979), Тайуанның Цзян Цзинго (1910-1988). Синганың Ли Куан Ю-і 92 жас, Кореяның Пак Чон Хи-і 62 жас, Цзян Цзинго 78 жасаса да бәріне үлгеріпті. Пак Чон Хи бұрынғы самурайдың сардары болса да корейлердің көсемі, Цзян Цзинго баяғы гоминданның төресі Чан Кай Шидің (蔣介石) бел баласы.
«Қаратаудың басынан көш келеді…»
Қаратау, Талас, Тараз… қайран қазақтың көне тауыриһаты көмілген сақталған тағылымды тақ. Қалай ойласаң да қасиет тұнған қара өлеңдегі – Қаратау байлықтың бастауы.
Сол қасиетті Қаратаудың фосфорит алабы қазақтың төлқұжатына айналған өнім.Тараздан жүз шақырымдағы жүздеген қашықтыққа жалғасқан бар қазақтың байтақтағы байлығы ғаламда алдыңғы қатарда тұр. Қаратаудың алабы қазынаның басы ақ, қызыл кендердің қоры да қисапсыз дейді. Арқалысай, Арбатас,Ақтас, Ақсай, Ақжар, бүтін Бүркітті (ақын Тынышбай Рақымның – Бүркіттісі), жалпы Жаңатас, Жартас, Жетімшоқы, Жетімтал, Қотырбұлақ, Қыршабақты, Қарашат, Көкжон, Көксу, Көктал, Шолақтау, Шилібұлақ, Түйесай, Тесіктас деп санай берсең жарты жүздей кен орындары қара темірлі қайран Қаратаудың жұмбақ уысында жасырулы жатыр. Жер аттарына шейін желмая желкен ақ өлең сықылды бір ғайып. Кең миялы қазақтың Қаратауы әлдеқашан кен-химиялы өндіріс кені болған. Сол үшін тауыриһатты оң жамбасына төсенген Тапраз – Ұлы даланың Қаратауының қазба байлығы қаптаған полиметаллдары қазақтың болашақ бақуатына үлкен ризық болары сөзсіз. Ақын апам Күлаш Ахметованың тамаша жырына арқау болған: «Тегім – сен, кітабым – сен парағы алтын. Сен – дәлел, дамыса егер, дала халқы…» деп…
Мінеки осы Таразға ат басын тіредік.
ТАРАЗДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕҢЕС
Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 толу мерейі – «Ұлық тұлға» халықаралық ғылыми-практикалық конференциялары Республикалық деңгейде атылып өтілуде. Өткенде ғана Алматы шаһарында, киелі Түркістан қаласында ұйыстырылған шара енді ТарГу-де де іскерлікпен ілтипатты әдеппен сәтті көмкерілді. Аталған ауқымы кең тағылымды шараға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Нұржанұлы, Тараздың Әкімі Ербол Қарашөкеев те және белгілі ғалым, Ғалымдар одағының серкесі, мемлекеттік сыйлықтың игері, тақуа академик, «Ойлы сөздің» (2022) ақиесі Оразалы Сәбден аға да келген екен.
Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма төрағасы-ректоры – физика-математика ғылымдарының кандидаты, доктор PhD, қауымдастырылған профессор Байжұманов Мұхтар Қазбекұлының басқаратын білім ордасындағы мәжіліс залында Тұрардың тағылымына жиналған зиялы қауымның алдына шықтық.
РАСЫНДА…
Тұрар туралы көптеген жазушылар және ғалымдар жазды бұрындары. Алайда тауыриһат түгенделген жоқ. Ұлы Мұхтар Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаяты (1927), Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» (1980) роман эпопеясы, белгілі ғалым Ордалы Қоңыратбаевтің «Әлихан мен Тұрар», академик Манаш Қозыбаевтың «Ғасыр тауқыметін арқалған арыстар», Моңғолияның Еңбек Ері, Халық жазушысы Лодонгийн Түдэвтің «Бүгд Найрамдах Улсын анх дугаар он» саяси романы (1981), Зардыхан Қинаятұлының «Жылаған жылдар шежіресі» (1995), Қайдар Алдажұмановтың «Тұрар Рысқұлов: өмірі мен қызметі» (2007), Қаз ҰУ-дің профессоры Гүлнар Қозғанбаеваның «Моңғолиядығы қазақ диаспорасының тарихы: өткені мен бүгіні» (2017) т.т.
Тұрар Рысқұловтың 1924-1925 жылғы Моңғолиядағы 9 айға жуық саяси іс сапары туралы белгілі ғалым Мініс Әбілтайұлы марқұм бұрынағыда тың мұрағаттарға сүйене келе жете тұжырымдаған еді.
Мінеки бүгінгі бүтін жиынды шебер тізгіндеген шешен Сәбит Шілдебай есімді тегеуірінді жас ғалым һәм модератор (ҚР ОМА директоры) жақсы тәпсірледі. Қырғыз ғалымы, профессор Доолотбек Сапарәлиев, Тұрартанушы-ғалым Мұхтар Қазбек пен Тұрартанушы-ғалым жорналшы Мейрамхан Жәпек, «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Сейдехан Бақыторазовтар бұл жолғы тұрартанудың жолында ойларын ортаға тастады. Тұрартану ықылымы тұйықта жатқан мұрғаттар арасынан тұмбалы тауыриһаты тұрғызылуы тиіс. Тың ұсыныстар мен ұтымды ойлар. Мұнда «қоғамдық архивтер қазақтың өз қолына айналып келуі керек…» деген жорналшы Мейрамхан Жәпектің дәлелі ендігі таяу болашақта текті жұртты әлі де көп ойландыратыны сөзсіз деп түйдік.
&
Моңғолиядағы Тұрар Рысқұловтың саяси тарихи сапарына да 100 жыл толыпты. «Улаанбаатардың» атауына да бүтін бір ғасыр. Бүгін 2024 жыл қарашаның 26-сы Моңғолия мемлектінің даталы мерекеесі тұңғыш ата заңның туған күні, тәуелсіздіктің мейрамы. Алақандай алаңның бір жағында осы мерекеге арналған салтанатты жиын, саптағы сардарлы шеру, гүл шоғын қойған жұлдызды рәсім.
Екінші жағында – осы рәсімге қарсы ашулы шеру. Олар үшін: Тұрар Рысқұловтың жасап берген ата заңы да «Улаанбаатар» қаласының атауы да қажет емес деген ниетте!?
Ұлы тұлға, ұлық саясаткер, күрделі тау тұлғалы Тұрар Рысқұлов мейлі «Коммунарка»-да қалсын, мейлі тағы да бірдеңелер айтылсын ол туралы, үшінші кезекте ешкімге керек болмаса да қазақтың өз перзенті, өзінің әз ұлы тұлғасы!
2024.11.26